АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қытай үкіметі сол елдегі туыстарымызға қысым көрсетуде»: Елордада тұрғындар шеруге шықты[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің ғимаратының алдында он шақты тұрғыны шеруге шықты. Олар Еуропарламенттің депутаттарына өтініш білдіргілері келіпті. Шеруге шыққандар Қытайдағы қайта тәрбиелеу орталығына жабылған этникалық қазақтарды босатуды өтініп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Оннан астам адам өздерінің туыстарының суретін құшақтап Нұр-Сұлтандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің ғимаратына алдына жиналыпты. Сөздерінше, олардың әрбірінің Қытайда қайта тәрбиелеу орталығына жабылған туыстары бар көрінеді. Бұған қоса олар Қытай басшылығы елдегі этникалық қазақтардың артына түскендігін айтты. 

«Кәсіптерін, үйін тартып алған. Қазақстық азаматша бола тұра мен Қытайда үйқаммаққа алындым. Біз Еуропарламенттің адам құқығы жөніндегі бөлім қызметкерлеріне Қытайдағы жақындарымызды қорғауға алыңыздаршы деп айтуға келіп отырмыз. Біз бұл акциямызды біздің туыстарымызды босатпайынша жалғастыратын боламыз», деді шеруге шыққан Қарақат Әбдеш. 

Тұрсынбек Қабиұлы Қытайдағы түрмеде бірнеше айға жабылып, уақытын сол жақта өткізген. Айтуынша, жас әрі сау денесінің түгі қалмапты. Есту қабілетіне зақым келген, мүгедек болуына аз-ақ қалыпты. 

«Менің әйелім халықаралық ұйымның көмегіне жүгінген. Оған «Атажұрт» қоғамдық ұйымының белсенділері көмектесті. Бірақ Қытай үкіметі менің сол мемлекеттегі туыстарыма қысым көрсетуін қоймады», — деді ғимарат алдына келген Тұрсынбек Қабиұлы. 

Еуропалық Одақ өкілдігінің ғимаратының алдына жиналғандар ол жерде үш сағаттан астам уақыт тұрып, өздерінің шағымдарын жеткізіпі қайтты. Полиция қызметкерлері бейбіт шеруге шыққандарды қумады. Ал Еуропарламент қызметкерлері олардың шағымын жазбаша түрде электронды поштаға жолдауларын сұрады. 

 

[:]