АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қысқа көйлек киген қазақ қызы өзіне ұсынылған шапанды киюден бас тартты (видео)[:]

[:kz]

Кел келінім»отандық бағдарламасының кейіпкерлері тағы да жұрттың сынына ұшырады. Қысқа етекті көйлекпен төрт жігіттің арасында билеген бойжеткен үстіне шапан жаппақ болған жігіттің қолын қайтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан Гауһар есімді қатысушының бірнеше жігіттің арасында Қайрат Нұртастың «Ламбада» әніне билеп жүргенін көруге болады.

Осы уақытта эфирге қолында шапаны бар жігіт кіріп келіп, киіммен Гауһардың үстін жаппақ болады.

Алайда бойжеткен өзінің әуретті жерін жасырудың орнына, шапан ұсынған жігіттің қолын қайтарады.

Айта кетейік, бұл бағдарламады шығып жатқан алғашқы шу емес.

Осыған дейін ток-шоудың екі қатысушысы эфирде шаш жұлысып, төбелескен болатын.

Сондай-ақ өзге бір ару тікелей эфирде жігіттің арқасына массаж жасап, жұрттың сынына ілікті.

  

 

[:]