АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қырғызстан тәжік азаматтарын елге кіргізбеді[:]

[:kz]

 

Қырғыз-тәжік арасындағы қырғиқабақ әлі жалғасатын түрі бар. Қырғызстан шекарашылары Бішкекке Душанбеден келген тәжік азаматтарын кері қайтарып жіберді.

Мұндай ақпаратты Манас әуежайының баспасөз қызметі таратқан. «Сомон Эйр» әуе компаниясының чартерлік рейсінде Тәжікстанның 177 және басқа елдердің бірнеше азаматы болған. Ресми Душанбе болса, азаматтары үшін шекараның жабылғандығы туралы ешқандай ресми хабар алмағанын, Қырғызстанның авиациялық органдары ұшып келуге рұқсат бергенін жеткізді. Тәжікстанның Бішкектегі консулы жағдайды келіссөз арқылы шешпек болған, бірақ оның бұл әрекетінен түк шықпапты. Кейін Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған шектеулер былтыр көктемде коронавирусқа байланысты уақытша енгізілді деп жауап берген.

nege.kz

[:]