АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Құтқарушылар Тянь-Шаньда жоғалып кеткен қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда[:]

[:kz]

Қырғызстан тауында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«Әскери альпинистер апат орнын айналып қарап шығу үшін Қарқара лагерінен Жеңіс шыңының іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұсына ұшып шықты», — деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті. 

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Тянь-Шаньда жоғалып кеткен альпинистердің жерсеріктік телефоны істен шыққанын және байланыс операторы қоңырау шалынған жердің координаттарын анықтай алмай жатқандығын хабарлады. Сондай-ақ, альпинистерді іздестіру жұмыстарынан әлі нәтиже шықпаған. 

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кеткен болатын. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылығын білдірген. 

Құтқарушылар қазақстандық альпинистерді іздеуге Тянь-Шаньға ұшты. 

Алматы альпинизм федерациясы мен ҚР Альпинизм және сырғанау спорт федерациясы Жеңіс шыңында орын алған жағдайды тәулік бойы бақылап отыр.

[:]