АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Құсайынов енді ән салмайды[:]

[:kz]

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының әншісі, әрі жетекшісі Мұрат ҚҰСАЙЫНОВ «билік өкілін қорлағаны үшін» сотталуы мүмкін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ әуежайында шу шығарған әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Мұрат Құсайыновқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол «Билік өкілін қорлау» 378-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталуда. Негізгі сот отырысы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында өтеді.

Естеріңізге салайық, әнші осыған қатысты «Мен қатты ашуландым. Өйткені еңбегім бар халыққа істеген. Қазақстанда мен еркін жүруге құқығым бар деп есептеймін! Сондықтан аяқ-киімді шешпеймін», — деп мәлімдеме жасаған болатын.

Жас Алаш 

Фото:caravan.kz

[:]