Елде қуаңшылық болып жатқан кезде Батысқа шөп жіберуді ұйымдастырған Құрмет Талапқазы “Халық құрметі” орденімен марапатталды. Оған марапатты Шымкент қаласындағы Nomad батырлар мектебінің жетекшісі Арман Сүйіндікұлы тапсырды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ел басына қиын-қыстау күн туғанда аянбай тер еткен Құрмет Талапқазының ерлігіне бүкіл халық сүйсінді. Көпшілік Құрметті бірауыздан қолдап оған жан-жақтан игі істі соңына дейін жеткізу үшін қол ұшын созды. Бүгінде Батысқа Үкімет тарапынан да көмек көрсетілуде.

www.oinet.kz

Рубрика: