АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Күрекпен және қамшымен ұрды: Алматыда айғырды ұрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды[:]

[:kz]

Полицейлер Алматыда айғырды аяусыз ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жылқы клубтарының бірінде айғырды жүк көлігіне апару үшін күрекпен және қамшымен ұрғаны түсірілген видео тарады. Бейнежазба полиция назарына ілікті.

 

“Қазіргі уақытта іс бойынша біз барлық айыпталушылардың(бес негізгі) жеке басын анықтадық. Олардың қатысуымен барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде”, — деді Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов.

 

Факті бойынша ҚР ҚК 316-бабында (жануарларға қатыгездікпен қарау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қаланың ДП анықтау басқармасының анықтаушылары өндірісінде. Тергеу жалғасып жатыр.

[:]