Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұрысқа қатыспай, ғимаратты тастап кетіп қалған ҰҚК департаментінің басшыларын сынға алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бәрі бірдей өз міндетіне адалдық таныта алмады. Қазақстанның бірқатар қаласында ҰҚК департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа қатыспай, қару-жарақ пен құпия құжаттарды сол жерде қалдырып, ғимараттарды тастап кетті”, – деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынға алған болатын. 

 

Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысына Президент қатысып жатыр. Тоқаев отырысқа видеобайланыс арқылы қатысып жатыр. 

Рубрика: