АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Құлағында кемістігі бар жасөспірім «Қазақстан дауысы» тәлімгерлерін таңғалдырды[:]

[:kz]

 

Алматы облысы, Қасқелең қаласының 11 жасар тұрғыны Шерхан Арыстан «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып, 4 тәлімгерді өзіне қаратты. Бір қызығы, ғажап даусы мен харизмасымен қазылар алқасын тәнті еткен жасөспірімнің есту қабілетінде кемістігі бар. Соған қарамастан, «Молдабайдың әнін» нақышына келтіре шырқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«Шашым ұзын, томпақтаумын. Барлық достарым «шашың парикке ұқсайды» дейді. Ал дүкеншілер мені қызбен шатастырады. Шашым парик емес, оригинал», — деді жеткіншек өзін таныстыру барысында. 

Апасының айтуынша, Шерхан дүниеге келгенде оның құлағында кемістігі болып, операция жасалған. Бүгінде жеткіншектің бір құлағы толық естімейді. 

«Туа біткен кінәраты болды. Оған 4 жасында ота жасалды. Бұл баланың есту қабілеті 100 пайыз емес, 65-70 пайыз»,-  деді баланың апасы. 

Шерхан жобаның көрмей тыңдау кезеңінде «Молдабайдың әнін» орындап, 4 тәлімгерді де өзіне қаратты. Қазылардың барлығы оның өнерін жоғары бағалап, өз тобына шақырды. Ал Шерхан Арыстан Жұбаныш Жексенұлын таңдады. Өзінің сөзінше, ол бұл сәтті түсінде көріп, онда да Жұбаныш мырзаның командасына қосылған.

 
 

[:]