Танымал журналист Гүлмира Әбіқай шенеунікке қол көтерген әйелдерді сынға алды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында бір топ әйел балаларға вакцинация салуға қарсылығын білдіріп, санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевты сабап кетті. Осы жайтқа байланысты Гүлмира Әбіқай өз ойын білдірді. “Мынау не сұмдық? Ковидті құдды Ержан ойлап тауып, пандемияны Ержан жоспарлап, вакцинаны Ержан салып жатқандай. Байқайсыз ба, соңғы кезде мұндай арандатушы айқай-әйелдер күрт көбейді. Кез-келген шалғай аймақта бар. Не сөз тыңдамайды, не ұқпайды, бастысы өз миссиясын орындап шулатып кетеді. Сосын күтеді өздері жайлы кім не жазып жатқанын. Егер шындықты біліп қойып қарсы шықсаң қарғысты саған да қарша боратады.  Маған олар арнайы бір саяси топтың мүддесін орындап жүрген терминатор сынды, бірақ арандап жатқанын өздері сезбейді. Әлде, сыртқы күштер деген осы долы қатындар ма екен. Кешеден бері құрбан айтқа даярланып, құдай тамақ беріп, құран оқытып лента ашпадым. Скандалды ел соңынан көрген мен шығармын?! Дегенмен, Ержан Байтанаев жүзін көрген, арнада әріптес болған бауырым болғандықтан Жігітсің деп айтқым келеді.  Қазір іштей бәріміз вакцинаға қарсымыз, індет болмаса ол да болмас еді. Дегенмен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әр қызметкерін долданған әрқайсымыз осылай төпелей берсек не болады? Мынандай атакада мен сабыр сақтай алмайтын ем, мінез бәрімізде бар. Бұл әйелдің күйеуі жоқ шығар деп үміттенемін”, – деп жазды Гүлмира Әбіқай парақшасында.

www.oinet.kz

Рубрика: