Уәделесіп қойған жігітімен отбасылы бола алмаған ару желіде жан сырын ақтарды. Айтуынша, бұрынғы сүйіктісі құдалыққа берген ақшасын қайтар деп жүр екен.

 
Кейіпкердің сөзінше, сәуір айында тұрмысқа шықпақшы болған. Сөйтіп әдеттегідей сырға салу рәсімі бәрі болған. Алайда бойжеткеннің ойындағасы болмай шығады.

“Жазда соның үйіне бірге тұрамын деп көшіп барғанымда, ол маған ресми түрде үйленбейтінін айтты. Мен бірден өзімнің туған қалама қайта оралдым.

Сол күннен бастап ол мені жайыма қалдыратын емес, бар айтатыны: Кезінде маған берген азын-аулақ ақшасын, құдалықта берген ақшасын қайтар дейді. Оның айтқанын істемесем, құзырлы органдарға хабарласып, алдырамын дейді. Не істейтінімді білмеймін. Көмектесіңіздерші, өтініш… Рахмет”, – деп жазған ол.

Желі қолданушылары бойжеткенге жаппай қолдау көрсеткен. Олар:

“Ата-анасына хабарласыңыз, үлкендер өздері шешсін”, “Ер адамдар неге сонша ұсақталып барады?”, “Сіз де шағымданыңыз, оны қарызға алған жоқсыз, өздері берді, сондықтан сабыр сақтаңыз”, “Үйленбегендеріңіз жақсы болған, мұндай ер адам сізге лайық емес” деген тілектерін жаудырып жатыр.

 
  

Рубрика: