АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қуандық Шәкіржанов: Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбай, Баян Есентаевалардың түсіргенін кино деп есептемеймін[:]

[:kz]

Актер, театр әртісі, бірнеше комедиялық фильмдер арқылы көпшілікке таныс Қуандық Шәкіржанов қазіргі заманауи кинолар туралы пікір айтты. Актер ақша үшін түсірілген туындыны кино деп есептемейді. 

Бұл туралы Talk like бағдарламасында айтылды.

Қуандық Шәкіржановтың айтуынша, қазір кино түсірушілер бизнестен ақша табуды мақсат тұтқандар. 

«Киноның сценарийіне, мағынасына мән бермейді. Киноға мықты актерлерді шақыру керек. Мен олардың еңбегін бағалаймын. Бірақ онда тәлім-тәрбие болу керек. Кинодан қазақылықтың иісі шығуы керек. Оны екінші рет, үшінші рет көре беретін фильм болу керек. Біздің түсіріп жүргендер бір көретін кинолар. Баян Есентаеваның, Қоянбаевтың, Адамбайдың киноларына барып көргенмін. Бірақ қазір бармаймын. Не жайлы екені түсінікті болып тұрады. Мен оларды кино деп есептемеймін, маған ренжімесін», — дейді актер. 

Көп жағдайда әзіл қалжың аралас, комедиялық жанрда бой көрсеткенімен тарихи фильмде роль сомдауды армандайды. 

«Мені «Қазақфильм» бір киноға шақырған емес. Өйткені комедияға ғана түседі деп ойлаймын. Мен салмақты, тарихи рольде ойнағым келеді. Кейде спектакль көріп отырғанда да, кей кейіпкерге көңілім толмайды. Мына рольді мен сомдағанда, оң жамбасыма тигенде көрерменге басқаша жеткізер едім деп ойлап отырам», — деді ол.

Бауыржан шоу театрының мүшесі болып, кейін телевизияда еңбек еткен Қуандық Шәкіржанов материалдық табысы да сатылай көтерілгенін айтады.

«Біреуге жағдайымды айтып, әкім-қараның алдына барып, танымалдығымды бұлдап көрген емеспін. Ел қатарлы сатылай өсіп келем. Мен де алғаш «Москвич» көлігін айдадым. Бір бөлмелі пәтер алдым. Кейін оны сатып, екі бөлмелі үй алдым дегендей», — деді актер. 

[:]