Қуандық Рахымның інісі Думан Рахым “Қазақстан дауысы” жобасына қатысып, өнерімен елді тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сәтбаев қаласынан келген Думан Льюис Капальдидің танымал хиті Someone you loved әнін шырқады. Көрермендер Думанның өнерін жоғары бағалап, әлеуметтік желіде жылы лебіздерін білдірді. 

Алайда оған бір ғана тәлімгер бұрылды. Ол Маржан Арапбаеваның тобына қабылданды.

Айта кетейік, Қуандық пен Думан Рахым бұған дейін “Музарт life” жобасына бірге қатысқан болатын. Қуандық жобаның ортасына дейін жетіп, халыққа танылды. 

“Көрмей тыңдау” кезеңіне бұл аптада композитор, музыкант Ұлықпан Жолдасовтың жиен қарындасы да келді. 16 жастағы Балауса Сансызбай Сәкен Майғазиевтің тобына өтті.

 

Рубрика: