АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Круассан 150 теңге»: Мәжіліс асханасындағы баға мектептегіден екі есе төмен (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Парламент депутаттарының асханасындағы бағаға инфляция әсер еткен жоқ. Бұл жолы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәжілістің асханасында болып, түрлі тағамдардың құнын жария етті.

Парламент депутаттарының асханасындағы бағаға инфляция әсер еткен жоқ. Баға 2018 жылдағыдай төмен. Бұл жолы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәжілістің асханасында болып, түрлі тағамдардың құнын жария етті.

Журналисті мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова асханаға апарды. Ол мұнда әріптестерімен бірге шәй немесе тамақ ішуге келетінін айтты.

Самса 160 теңге, круассан 150 теңге, картоп 160 теңге, сэндвич 250 теңге, гамбургер 500 теңге тұрады екен.

Ләйлә Сұлтанқызы буфет қызметкерінен мұндағы баға басқа жерлерге қарағанда арзан ба деп сұрағанда, басын изеді.

Бұл ақпарат жарияланғаннан кейін әлеуметтік желідегі қазақстандықтар депутаттар асханасы мен мектеп асханасындағы бағаны салыстырып, ашуға бой алдырды.

Дереккөз: orda.kz

[:]