АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қозып жүр…». Тойда еркектерге шапшыған жігіт елдің жағасын ұстатты (видео)[:]

[:kz]

 

Тойда еркектерге шапшып, бұты-басын сипалап билеген бала желі қолданушыларының ашуын туғызды.

 

Елдің жағасын ұстатқан видеода жасөспірім баланың тойда ортаға шығып билегені сипатталады. Ортаға шыққан ол қыздарды емес, жігіттерді ортаға сүйреп, есін шығарып бұраңдап билейді. Тіпті, біреуінің үстіне секіріп мінеді.

 

Әлі толысып үлгермеген бұл баланы желіде гей деушілер көп болды. Ал кейбіреуі «елді жынды қып, әдейі істеп жүр» деп жазады.

 

Видеоның қайда түсірілгені, билеген баланың кім екені туралы нақты ақпарат жоқ. Бірақ оқырмандардың пікіріне сенсек, баланың жасы 18-де, бұл мектеп бітіру кеші көрінеді.

alashainasy.kz

 

 

[:]