АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көзінде көзілдірік, жүзінде күлкі: Гауһар Әлімбекованың бостандыққа шыққан сәті жарияланды[:]

[:kz]

 

Әнші Гауһар Әлімбекова темір тордан босап шықты. Бұл туралы сүйінші хабарды құрбысы Ақбота Керімбекова таратты.

Керімбекова осы уақытқа дейін қолдау білдіріп, ақшалай көмек көрсеткендерге алғысын айтты. Әншінің бостандыққа шыққан сәтін жариялады.

“Сәлеметсіздер! Қалайсыздар? Елім-жұртым, сіздерге мың алғыс”, – дейді Гауһар Әлімбекова.

Әнші абақтыдан босап, үйіне қайтты. Алматының Алмалы аудандық соты адвокаттың айыпталушының сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін оны қолхатпен босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тергеу кезінде бұлтартпау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекен-жайы бары екенін, осыған дейін сотталмағанын ескерді.

Ал, жәбірленуші Бақыт Назарова қолында нақты дәлелдер барын айтып отыр. Айтуынша, әнші өзінен алған 40 мың долларды сотта кінәсін ішінара мойындаған Фируза Ордабаеваға табыстамай, қалтасына басқан.

“Әлімбекова Ордабаеваға алдана тұрып, мені алдауына түсірді. Ол “өзім кепіл болам, тағы бір үй шықты, екі үй алғалы тұрмын” деп алдады. Ол жоқ үйді бар деп айтты. Өзі кепіл болып тұр. Менен алған 40 мың долларды ешкімге бермеген. Ол ақшаның тағдыры белгісіз”, – дейді жәбірленуші 31 арнаға берген сұхбатында.

Қазір сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Аппелляцияда болуы мүмкін. Егер әнші кінәсін мойындап, қарызын өтеп берсе, Бақыт Назарова арызын қайтаруға дайын екенін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін 6 жылға сотталған әнші Гауһар Әлімбекованың сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін босатылғаны белгілі болған еді. Сот төрағасы әнші Гауһар Әлімбекованың қамаудан босауына қатысты түсініктеме берді.

stan.kz

[:]