Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бүгін 33 жасқа толды.

Қайрат Нұртастың жарын жаңа жасымен алғашқылардың бірі болып балалары мен анасы құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімованың төрт перзенті мен анасы оған ерекше тосын сый әзірлеп қойған. Олар түнгі сағат он екіден кейін үйлеріне мультфильм кейіпкерін арнайы шақыртып, туған күн иесін 33 жасымен құттықтаған. Актриса туған күні қалай басталғанын өзінің Instagram парақшасында көрсеткен. Ол Stories бөлімінде бірнеше видео мен фото жариялап, ел назарына ұсынған. 

Бейнежазбалардан Жұлдыздың қос ұлы шарларға толы қораптың ішіне жасырынып қалып, кейін одан атып шыққанын көруге болады.

Бұл тосын сый көпбалалы анаға ерекше әсер қалдырып, көңіл күйін көтеріп жібергені анық. 

Сонымен қатар, Жұлдыз Әбдікәрімова желіде туған күніне орай жаңа жазбамен бөліскен. Ол жаратушыға өз алғысын білдіріп, бұл өмірде сенімнің арқасында көп нәрсге қол жеткізгенін айтты. “Қай сәтте де Сенің тастамайтыныңа сендім, себебі Сен маған сенім бердің! Қанша қиындық келсе де құламайтынымды білдім, себебі Сен маған сенім бердің! Қанша қуаныш келсе де бұл соңғысы емес екенін көрдім, себебі Сен маған сенім бердің! Мен саған сенгендей өзіме сендім Алданбадым. Ұттым. Сондықтан мен үшін сенім мен сенің есімің егіз ұғымға айналды, жаратқаным. Бергенің мен береріңе шүкір! Қош келдің 33. Екеуміз дос болайық” , – деп жазды ол. 

Рубрика: