АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қош бол, мұнай: Сумен жүретін автомобиль шықты[:]

[:kz]

Автомобиль сумен жүретін болса ғой… Бір кездері күлкілі көрінетін осы бір арман ақыры іске асты. Әлемде электромобильдер тарап үлгермей жатып, еуропа өнертапқыштары сумен жүретін автомобиль ойлап тапты. Еуропалық «NanoFlowcell» компаниясы бұл ерекше автомобильдің алғашқы үлгісін сынақтан өткізді.

Әзірге жалғыз ғана данасы ктаныстырылған автомобиль жанар майдың орнына тұзды су пайдаланады.

Өнертапқыштар ойлап тапқан автомобильдерін жетілдіре түсуге ресми түрде рұқсат алды. Германияда жұмыс істеп жатқан компания жақын арада бұл көлікті жолға шығарып, сынап көрмек. Жылдамдығы, екпін алуы жанармаймен жүретін автомобильдерден бір де кем емес. Сағатына 100 шақырымдық жылдамдық алу үшін бар болғаны 3 секундқа жетер-жетпес уақыт жеткілікті. Тұзды суды бір толтырып алған соң 600 шақырымға дейін жетуге болады.

Әрине, тұзды су болғанда, кәдімгі суға тұзды араластырып жіберіп немесе тұщы теңізден сүзіп ала салатын су емес. Машинада 2 түрлі тұз ерітіндісін өңдейтін арнайы реактор бар. Осы екі ерітінді өз кезегінде жанар-жағар майдың рөлін атқарады.

Автомобильдің төрт электродвигателі бар, бұл моторларды айналдыру үшін аса күрделі химиялық процесс жүреді. Дегенмен, мұндай күрделіліктерге қарамай, машинаның алғашқы тұсаукесері сәтті өтті.

Бұл автомобильдің ең негізгі артықшылығы – экологиялық тазалығында ғана емес, көліктің бүкіл құралдарын жасауда қымбат бағалы металлдар мен сирек кездесетін элементтер қолданылмайды. Осыны ескерсек, қоршаған ортаға экологиялық жағынан ғана емес, жер қойнауларын пайдалану тұрғысында да зиянын тигізбейді.

Компания өкілдері алдағы уақытта бұл ерекше автокөліктің тәжірибе үшін шығарылған данасын ғана емес, жалпыадамзатқа қызмет ететін серияларын шығаруды жоспарлап отыр.

zhasalash.kz

[:]