07 июня, 2017 Comments Off on “Қорғас” бекетінде болған жантүршігерлік өлімге қатысты жаңа деректер шықты

“Қорғас” бекетінде болған жантүршігерлік өлімге қатысты жаңа деректер шықты

khargos“Қорғас” халықаралық сауда орталығында адам өлтірген күдікті әлі қамауға алынған жоқ. Өйткені, үш күн бұрын көптің көзінше пышақ сілтеген жігіт ауруханада жатыр,-деп жазды КТК арнасы.

Диас Кәрібжановтың өзі де сол төбелес кезінде жараланған екен. Сондықтан, күдіктіні полицейлер күні түні палатада күзетіп отыр. Ал кісі қолынан қаза тапқан Қуаныш Төлегеновты  бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Қара жамылған отбасы бұған “Қорғас” қызметкерлерін де кінәлады.

Қазақ-қытай шекарасында қанды қылмыс жасаған күдікті қазір Жаркент қаласындағы ауруханада жатыр. Сол төбелесте Диас Кәрібжановтың өзі де пышақ жарақатын алыпты.

Қатаң күзеттегі палатаға дәрігерлерден басқа адамның кіруіне рұқсат жоқ.

«Жараның тереңдігі 6-7 см жараның көлемі екі жарым сантиметр»,-дейді  Панфилов аудандық ауруханасының дәрігері Жомарт Нұраханов.

Ал Жанар Кәрібжанова ұлымды адам өлтіруге марқұм жігіттің өзі итермеледі деген сенімде. Айтуынша, Қорғас сауда орталығынан тауар алып келе жатқан оны бірнеше жігіт жабылып сабаған. Бұған шыдамаған Диас ашумен қолын қанға малды деп отыр анасы.

«Аяғына біреу пышақ салған. Атып тұрып  ызадан пышақ  салып жіберген. Бірақ не істеп қойғанын өзі де білмейді. Басынан ұрған, тепкен оңай емес қой менің балама да енді»,-дейді Диас Кәрібжановтың анасы Жанар Кәрібжанова.

Кісі қолынан қаза тапқан Қуаныш Төлегеновты бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Тепсе темір үзетін азаматтарынан айырылып, қан жұтқан отбасы оның ешкімге жаманшылығы болған жоқ дейді.

Керісінше, бес уақыт намаз оқып, ораза ұстап жүрген. Ал келесі айда үйленіп, отбасын құруды жоспарлап қойған екен.

«Біз кешірмейміз. Өйткені жүрегімізді қан жылатып кетті. Анам мен әкемді жалғыз бауырымнан айырып кетті»,-деп жылады марқұмның қарындасы Айдана Төлегенова.

Марқұмның туыстары Қуаныштың өліміне Қорғас қызметкерлері де жауапты дейді. Өйткені күдікті қатаң күзетілетін аумаққа суық қаруды емін еркін алып кірген.

Шекарашылар қайда жүрген?! Пышақпен өлтіріп жатқанда қайда қарап отырды? Жүрегі жарылып жығылып жатқан бала қалай пышақ салады?… Ол оңбаған өзін ақтау үшін аяғына пышақ салған.

Қазір аяғынан жараланған күдіктінің жағдайы жақсы. Сондықтан, ол 1-2 күнде ауруханадан шығарылады.

Бірақ мұнымен Диас Кәрібжанов жазадан қашып құтыла алмайды. Оны оған қатысты «қасқана адам өлтіргені» үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Источник: Stan.kz


Загрузка...

Комментирование закрыто.

2025d523818cd5cb