14 февраля, 2020 Comments Off on Қордайдағы қақтығыс: 24 000-нан астам қазақстандық Қырғызстанға өтіп кеткен

Қордайдағы қақтығыс: 24 000-нан астам қазақстандық Қырғызстанға өтіп кеткен

Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде 24 000-нан астам қазақстандықтар Қырғызстанға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мұндай жаңартылған мәліметтер бірнеше сағат бұрын көрші елдің шекара қызметінде айтылды.

Ешкім оларға қырғыз аумағына кіруге кедергі келтірмеген. Қазақстан билігі бұған баса назар аударыпты. Бірақ қазір елге оралуда қиындықтар жоқ дейді құзырлы органдар.

"Тоғызыншы ақпаннан бүгінгі күнге дейін біз Қазақстан азаматтарының отанымызға оралуын байқап отырмыз, яғни бүгінгі таңда біздің тарапымыздан да, қазақстандық тараптан да ешқандай шектеулер жоқ. Уақытша осында болған Қазақстан азаматтары өз отандарына қайтуда. Ал бүгін біз бұл азаматтардың көшіп бара жатқанын көріп отырмыз", - Нурланбек Жалбиев, начальник управления пограничного контроля ГПС Кыргызстана
Бұған дейін Қордай ауылының тұрғындары болған жайт туралы айтып берген еді. 

Загрузка...

Комментирование закрыто.