АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]“Қордай” өткізу бекеті қайта салынады[:]

[:kz]

20 жыл бұрын құрылған Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық өткізу бекеттеріндегі инфрақұрылым жолаушылар мен жүк ағынына сәйкес келмегендіктен жаңартылады. Сонымен бірге осы жылы «Қарасу» бекетіндегі көпірді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Депутаттар Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасында “Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы” келісімді ратификациялауды талқылау барысында шекара бекеттеріндегі азаматтар мен жүктерді өткізу мәселелерін көтерді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері шекара арқылы өту ағыны сегіз есе артты. Сондықтан 20 жыл бұрын құрылған инфрақұрылым қазіргі уақытта жолаушылар мен жүк ағынына сәйкес келмейді. Соңғы екі жылда жолаушылар саны азайып отыр. Сәйкесінше, біз шекара қызметінің күшімен және құралдарымен барлық азаматымыздың өтуін ішкі резервтерімізбен қамтамасыз етеміз, – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.

Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Скляр мемлекеттік шекарадағы бірқатар өткізу пунктінде жөндеу жұмысы басталғанын хабарлады.

Біздің және қырғыздың министрліктері “Сартөбе” мен “Аухатты” бекеттерін екіжақты өткізуден көпжақты өткізуге көшіру туралы келісімге қол қойды. Осы жылы “Қарасу” өткізу бекетіндегі көпірді күрделі жөндеуден өткізуді бастау жоспарланған – қырғыз серіктестерімен бірге 50/50 қаржыландырылады. Өткен жылы біз “Қордай” өткізу пунктінің мүлкін шекара қызметінің балансына алдық. Шамамен шілде айында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтаймыз, туристік маусым аяқталған соң күзде жаңартуды бастаймыз, – деді Дархан Ділманов.

baribar.kz

[:]