АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Көңілдесіңізді біліп алады»: Шымкенттің бас дәрігері ер адамдарды ерекше жолмен вакцина алуға шақырды[:]

[:kz]

 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов ер адамдарды ерекше жолмен коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі vera.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Жергілікті басылымның жазуынша, Шымкенттің бас дәрігері күні кеше әлеуметтік желіде ер адамдар үшін әзіл аралас жазба жариялап, коронавирусқа қарсы вакицна алудың маңыздылығын түсіндірген. «Сізді жансақтау бөліміне жатқызған кезде заттарыңыз бен телефоныңызды әйеліңізге беретінімізді ұмытпаңыз. Ол сіздің барлық көңілдесіңізді біліп алады. Сондықтан, «ұсталып» қалмас үшін вакцина алыңыз», — деп жазды Бақытжан Позилов желідегі парақшасында.

Басылымның жазуынша, кейін дәрігер жазбасын өшіріп тастаған. Алайда жазбаның скриншоты әлеуметтік желілерде тарап үлгерген. Бақытжан Позиловтың жазбасы. Скриншот: vera.kz Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 396 417 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

kaz.nur.kz

 

 

[:]