19 апреля, 2019 Comments Off on Көмір, азық-түлік алып береді: Алматы облысында қарапайым мұғалім жігіт мұқтаж жандарға тегін нан таратып жүр

Көмір, азық-түлік алып береді: Алматы облысында қарапайым мұғалім жігіт мұқтаж жандарға тегін нан таратып жүр

[caption id="attachment_170357" align="alignnone" width="800"] Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста. Алматы облысында қарапайым ауыл ұстазы жоқ-жітіктерге нан таратып жүр. Жас маман осындай әрекетімен қоғамдағы мейірімді жандардың санын арттырғысы келетінін айтады.[/caption]

Апта сайын азғантай жалақысынан артылған ақшаға нан алып, кем-кетіктерге үлестіреді. Ескелді ауданы Қарабұлақ аулында тұрып жатқан жаны жомарт ұстаз жасап жатқан жақсылықты мұнымен аяқтамаймын деп отыр. Бұл туралы Еуразиябірінші арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды. 

23 жастағы Еламан Бекетаев Қарабұлақ ауылындағы мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Талдықорған қаласындағы үйсіздер мен қаңғыбастарға апта сайын нан таратуды әдетке айналдырған. Қайырымдылықпен айналысып жүргенінен бір жылға жуықтаған. Жас маман қазір бойдақ. Жалақысы да көп емес екен. Дегенмен өзінен артылған қаражатты қайырымдылық мақсатқа жұмсағанды жөн санайды.

"Қымбатшылық қыспаққа алғанда мұқтаж жандарға бір бөлке нанның өзі үлкен көмек" дейді ол.

"Мұндай ой бұрыннан бері болған. Бірақ ойлайтынмын: істеу керек пе, жоқ па, халық қалай ойлайды. Содан ойлағанымды бір жыл бұрын істей бастадым. Бірінші наннан бастадым. Қысқа қарай адамдарға көмірмен, азық-түлікпен көмектесе бастадым",- деді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елама Бекетаев. 

Еламанның сөзінше, қоғамда көмекке мұқтаж жандар жетерлік. Есесіне, оларға қол ұшын созып, көмектескісі келетіндер аз. Бұл әрекеті үшін оны сөккендер де болған екен. Алайда қайырымдылықты қайырлы іс деп білетін қарапайым ауыл ұстазы игі істі одан әрі жалғамақ ниетте.

"Адамдар ақшаны босқа құртады. Мысалы, арақ-шарапқа. Қазіргі кезде жастарда калян деген тенденция бар. Өзім білем, 4 мың теңге тұрады. 4 мың теңгеге 60 булка нан алуға болады. Соны адамдарға үлестіріп берші. Тура сол арақ-шарапқа біз мейрамханада отырып, 15-20 мың теңге құртуымыз мүмкін. Ол бір ғана көп балалы әулеттің бір айлық азық-түлігі", - деді Еламан.

"Оған алғысым шексіз. Маған үнемі қарайласып жүреді. Әлемде осы сияқты мейірімді жандар көп болса екен", - деді Талдықорған қаласының тұрғыны Александр Малин.

Жас жігіт бұл әрекетін хайп деп санамайды. "Басты мақсатым - күректеп ақша тапса да, бір тиынын қайырымдылыққа қимайтын сараң жандарға үлгі көрсету" дейді. Жүрегі жомарт мұғалім нан таратумен қатар қыста тұрмысы төмен отбасыларға көмір де түсіріп береді екен. Көпбалалы жанұяларға азық-түлік апарып беруді де әдетке айналдырған. Бұл іске енді жақын достарын тартуды жоспарлап жүр.

 Stan.kz 

Загрузка...

Комментирование закрыто.