Шымкентте 5-6 қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдем қызметкерлері де зардап шекті. Бейбіт шерумен басталған қарулы қақтығыс кезінде бұзақылар 3 медицина қызметкерін жаралаған. 

Қазір қалада екі фельдшер мен бір жедел жәрдем көлігін жүргізуші жарақаттанған, қазір екі дәрігер амбулаториялық ем алып жатыр. Ал жеңіл жарақат алған жүргізушіге  тас лақтырылған. Тас көлік терезесін сындырып жүргізушінің иығына тиген. Бассыздықтар кезінде 7 көліктің терезелері сынып, кузовтары майысқан. Жүргізушілер шеруге шыққан адамдардың бассыздығынан қашуға әрекеттеніп, халық аз ашық жолдарды іздеп жүргенде жедел жәрдемдегілер уақыт жоғалтып отырған.

“5 қаңтарда кезекшілікте болдық, шеруге шыққандар тарапынан көліктерді бөгеу, тас ату, есіктерді жұлқылау жағдайлары болды, терезелерін сындырды. Науқасқа барарда кешігіп жаттық. Ұялы байланыс болмағандықтан, рациямен басшылыққа тікелей шығып отырдық, қалай әрекет жасауды ақылдастық. Жолдан тоқтатып, есікті жұлқылап ашуға тырысып, көлікке өз адамдарын отырғызуға тырысты. Алайда біз көлік ішінде науқас болғандықтан, оларды ала алмадық”, – дейді жедел жәрдем дәрігері Мақсат Мылтықбаев.

Қазір жергіліктің медициналық ұйымдарда қауіпсіздік күшейтілген.  Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздік кезінде қалада 120 адам жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Қазір 40 адам стационарлық ем алып, 5 адам жансақтау бөлімдерінде жатыр. Шымкенттің бас дәрігері қақтығыс кезінде қаза болғандар және мәйіт күйде ауруханаға жеткізілгендер бар екенін айтады. Алайда, олардың саны әзірге белгісіз.

Рубрика: