АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Көл болып жатыр, көл!»: жауын-шашын Шымкенттегі көпқабатты үйдің де сапасыздығын көрсетті (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Ертең бүкіл үй құласа, таң қалмаймын. Себебі, бізде адам өмірінің қауіпсіздігіне ешкім алаңдамайды! Ең бастысы, ертерек салып бітсе, әкімдік қабылдап алса, әрі қарай зардабын қара халық көреді!» — дейді заңгер.

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек facebook парақшасына Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан бір пәтердің барлық бөлмесін су алып кеткені туралы видео жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Адам тұратын үйлердің сапасын салынбай жатып тексеру керек! Прокуратураға құрылыс компанияларын тексеруді қайтарып беру керек! Әлеуметтік жағдайы орта топтарға салынған үйлердің сапасы мынау! Осыған мемлекеттен қаншама қаражат бөлінді!

Ертең бүкіл үй құласа, таң қалмаймын. Себебі, бізде адам өмірінің қауіпсіздігіне ешкім алаңдамайды! Ең бастысы, ертерек салып бітсе, әкімдік қабылдап алса, әрі қарай зардабын қара халық көреді!

Шымкент қаласының прокуратурасы назарына! Мына үйге экспертиза тағайындап, қортындысы сапасыз болып шықса, қабылдап алған әкімдік үстінен іс қозғаңыздар!» деп жазды заңгер.

Ал видеоны түсіріп тұрған үй иесі: «Нұрсәт, 111 домда патологтың бәрінен су ағып жатыр. Төбенің, крышаның бәрі көл болып кеткен. Не деген сұмдық мынау?! Міне, көл болып жатыр, көл!» — деп ашынуда.

Нақты айтқанда, Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағын ауданында орналасқан Нұрсәт-3 тұрғын үй алабының №97, 111 көпқабатты үйлерінің төбесінен су ағып, кіреберістерді шайған. Соның салдарынан барлық жертөлелері де суға толған.

 

[:]