Украина президенті Зеленский Буча қаласындағы қойша қырылып қалған өз халқын көріп, көзіне ауыр жас алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зеленский дәл сол сәттегі эмоциясымен өз халқына үндеу жолдады.

– Әдетте президенттер мұндай үндеу жасамайды. Бірақ бүгін мен бұл сөздерді айтуға мәжбүрмін. Буча мен басқа қалаларда жүздеген адам азаптап өлтірілген.

Көшелер мәйіттерге толды. Миналар қойылған. Тіпті жарылғыш заттар мәйіттердің арасында жасырылған. Біздің жерімізге зұлымдық келді.

Кісі өлтірушілер, баскесерлер, әйел зорлаушылар, тонаушылар өзін әскер деп атап жүр. Олар тек өлімге ғана лайықты. Меркель ханым мен Саркози мырзаны мына сұмдықты өз көзімен көру үшін Бучаға шақырамын, – дейді Украина президенті Владимир Зеленский.

“Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: