АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көйлектің дағы жуылар, көңілдің дағын қайтпексің?![:]

[:kz]

Жол жиегінде қоқыс толы арбасының бірде алдын, бірде артын тартқылап, тырбаңдап жатқан әйелді көрдім.

Менің алдымда келе жатқан қыз жігіттер арбасына шамасы жетпей тұрған әйелге мойын бұрмастан, әңгімесін бұзбастан өте шықты. Бәлкім студент баласы намыстанды, әлде таныстарым көрмесін деді ме, қарт ана бетін тұмшалап алыпты. Қасына жете бергенде арбасын сүйрей жөнелдім.

Қолынан сырғып кеткен арбаға бір, маған бір қараған күйі томпаңдап еріп келеді. Тәуір жолға түсіріп берген соң, арбаны қоя салып, жер сүйген жылтыр көйлегімді қағып жатып етегіне май тигенін байқап қалдым. Елемей жүгіре жөнелдім.Өзім әлгіде озып кеткен қыз-жігіттердің бірі «Рахмет, әпке» дегенде селт ете қалдым.

Түсінбегенімді жүзімнен аңғарса керек «Үлгіңіз үшін» деді де, енді арбаны олар сүйрей жөнелді… 

Өмір көш — жүре түзелер. Ол үшін біз үлгі болайық! Көйлектің дағы жуылар, көңілдің дағын қайтпексің?!

 

Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан


alashainasy.kz

 

 

 

 

[:]