АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көгершіннің арқасына шағын сөмке ілінген: Есірткі тасығыш құс ұсталды[:]

[:kz]

Бразилияда есірткі тасығыш құс ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» бағдарламасына сілтеме жасап.

Есірткі таситын көгершінді Бразилиядағы абақтының сақшыларының бірі ұстап алған. Арқасына сөмке ілген құстың қолға үйретілгені белгілі болды. Оның кішкентай қол дорбасында аймақтағы First Capital Command атты атышулы қылмыстық топтың белгісі бар екен. 

Алдын ала болжам бойынша олар көгершінді есірткі тауарын тасымалдау үшін немесе қылмыстық топ пен қамауда отырғандардың арасында хат тасуға қолданғаны белгілі болған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен олар оң нәтижесін берген жоқ

[:]