13 апреля, 2019 Comments Off on Қоғам белсендісі президенттікке Головкинді ұсынды

Қоғам белсендісі президенттікке Головкинді ұсынды

Әлем желідегі белсенділердің барлығы кезектен тыс президенттік сайлау жарияланғалы бері жарғақ құлақтары жастыққа тимей жанталасуда. Әсіресе оппозициялық бағыттағы оқырмандар мен атқамінерлер ортақ пікірге келе алмай, түрлі ұсыныстар айтылуда.

Бірқатар белгілі баспасөз құралдарының бас редакторы қызметін атқарған, оппозициялық партияларда мүшелікте болған Гүлжан Ерғалиова да әлеуметтік желідегі парақшасында күнде дөңгелек үстел өткізуде.

"Ашынған азаматша миллиондаған халықтың көзге ұрып тұрған дүниені көрсе де, көрмегендей болатын мұз қатқан санасына наразымын. Зал толы көрермен, жаңғырған шапалақ үні, өтірік бағдарлама, қорқыныш – бәрі біздің дамуымызға кедергі", - деді ол жазбасында.

Сондай-ақ, Гүлжан Ерғалиева елімізде халықтың көшбасшысы болып жүрген адал азаматтар бар екенін де жасырмайды. Олардың көпшілігі сотталғанын, мемлекеттік мекемеде жұмыс жасай алмағанын немесе жасамағанын, арзан һәм өтірік бағдарлама жазып, халықты алдамағанын айтады белсенді.

Жазба соңында ол өзі лайық деп санаған алты үміткердің атын атады.

Марғұлан Сейсембай – тәжірибелі кәсіпкер әрі белсенді азамат.

Ринат Зайытов – халықтың сүйікті ақыны, айтыскер.

Жанболат Мамай – ірі потенциалды журналист әрі саясаткер.

Зейнолла Кәкімжанов – ісіне адал экс-министр және табысты кәсіпкер.

 

Жаннат Ертлесова – білікті экономист, уағында Қазақстанның Демократиялық таңдауы партиясының белсенді мүшесі.

Геннадий Головкин – әлемнің супер-чемпионы, жеңілісті білмейтін батыр.

Қоғам белсендісінің ойынша, қазіргі уақытта билік басына ел сүйетін азамат келуі тиіс. Бірақ оның артындағы сайлаудың Заң тұрғысынан алғандағы мәселелері, қаржы, партия немесе қоғамдық қозғалыстың атынан шығу сынды қиындықтары көп-ақ.

Еске сала кетейік, Украинада да президенттік сайлау науқаны жүріп жатыр. Үш кандидаттың бірі, белгілі актер Владимир Зеленскийдің халық дауысының басым бөлігіне ие болғанынан да хабардармыз.

Егер бізде де президенттік сайлауға өнерімен, өлеңімен сүйікті болған азаматтардың ірі саясатқа, халықаралық саясатқа ат қойып, араласып кетуі екіталай дүние.

Біз үміткерге дауыс берерде мемлекет тұрғысынан ойлануымыз қажет. Қанша құрылыс жобалары, инфраструктуралар, тартылуы тиіс инвестициялар, жоспарланған ірі жобалар аяқсыз қалмауы тиіс. Халықтың көпшілігі қазіргі уақытта әлеуметтік әл-ауқаттың артуын ғана көздейді, талап етер басты дүниелері де – осы.

Тұтқа ұстар ұлдың саясаткерлігі, адалдығы, қазақылығы, азаматтығы, абырой-беделі қатар бағалануы тиіс.

«Қамшы» сілтейді

Загрузка...

Комментирование закрыто.