АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кісінің кім екенін құлағынан тануға болады[:]

[:kz]

Шығыс медицинасы бойынша адамның құлағының формасына, көлеміне және қалай орналасқанына қарап оның мінезінің ерекшелігін, ерік күшін, белсенділігін, сондай-ақ денсаулығын да білуге болады. Сондықтан психолог, психиатр мен криминалист болмасаңыз да, мұны біле жүргеннің зияны жоқ.

Егер құлағы  қасынан жоғары орналасса, онда ол адам өте жоғары интеллект иесі болғаны.  Ал құлағы қасымен бір деңгейде орналасса – ол адам лидер болуға ұмтылады және өз бетінше кесіп-піше алады деген сөз. Мұндай адамдар оптимист болып келеді және көздеген мақсатына күш салуымен ерекшеленеді.

Ал енді құлағы қасынан төмен, көзімен бір деңгейде орналасса, онда ол орташа интеллектінің адамы. Құлағы көзінен төмен орналасса, онда ол дарынсыздықтың, ақыл-ойдың кемдігінің  белгісі.

Бір құлағы екіншісінен биік орналасса – ондай адаммен бәстесіп әуре болмаңыз. Себебі, ондайлар логикаға бағынбайды, жеңілгенін мойындамайды.

Құлағы тым кішкентай (6 см-ге дейін) адамдар – жеңіл, үстірт ойлайтындар. Романтик кейіптегі мұндай адамдар кез келген кісінің уәдесіне, анты мен сертіне құлай сенгіш болып келеді. Денсаулығы пәлендей мықты болмайды.

Құлағы орташа адамдар кертартпа, ескішіл болып келеді. Есесіне отбасы мен қызметті шебер үйлестіре біледі.

Құлақтың үлкен (7 см-ден үлкен) болып келуі өзіне деген сенімділікті, пысықтықты, еті тірілікті білдіреді. Әрі мықты денсаулықтың белгісі.

Үлкен қалқан құлақ көбінесе өте талантты музыканттарға тән. Мәселен, бұған Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтың құлағын жатқызуға болады.

Егер сол құлағы оң құлағынан үлкен болса, онда оның иесі нақты ғылымдарда үлкен табысқа жетеді, ал оң құлағы үлкендер – тумысынан гуманист адамдар.

Құлақтың сырғалығының көлеміне қарап жыныстық белсенділікті де анықтауға болады.

Құлақ сырғалығы үлкен адамдар төсек қатынасына жиі баруды сүйетіндер. Ал құлақ сырғалығы миниатюралық кейіптегілер төсектің жиілігінен гөрі оның сан қырлы болғанын қалайтындар.

Құлақ сырғалығы орташалар төсек қатынасының саны мен сапасын үйлестіре білетіндердің қатарына жатады.

Созылыңқы құлақ иесі – әдептілік пен биязылыққа жақын, әсерленгіш адам.

Кең құлақтылар – реалист, дұрыс, тура ойлайтындар.

Ұшталған сүйір құлақ иелері – қу, жылпос, айлакер адамдар.

Құлағы жоғары қарай сүйірленіп, жымқырыла біткен адамдар өте қатыгез болып келеді.

 

Құлағының үстіңгі жағы томпақ, шошақ, кертеш болса, адамдармен қарым-қатынаста абай болыңыз! Сіздің мысқылыңыз кез келген адамды оңбай жаралауы мүмкін.

Құлағын қалың жүн басқан адамдар кісіні дұрыстап тани алмайды, есесіне олардың темпераменті туралы аңызға бергісіз әңгіме бар.

Ірі құлақ және жуан құлақ терісі иесінің денсаулығының мықты екенін және ұзақ өмір сүретінін, сонымен бірге өнерге қызықпайтындығын айғақтайды.

Құлағы тез ысып, тез қызарып шыға келетін (тіпті бұл белгі күтпеген жерден және сәл уақытқа болса да) адамдар жылдам реакциялы, агрессияға жақын, гипертония мен жүйке тозуына бейім болып келеді. Керісінше құлақтың салқын және бозаңданып тұруы да жүйке жүйесінің әлсірегенін білдіреді.

Құлағының ысуы мен қызаруы төмен адам сылбыр, самарқау, бос болып келеді.

Құлақтың жалпы қызарып, көгеріп, қара қошқылданып тұруы бауыр мен асқазан, жүрек, ішек ауруын білдіреді.

Құлақ терісінің тым жұқарып жарқырап тұруы – дене күшінің әлсіреп, азғандықтың, жадап-жүдегендіктің белгісі.

Құлақ түбінде, әсіресе алдында әжімнің көп болуы жалпы организмнің әлсірегенін білдіреді.

Құлақ айналасындағы қоңыр, қызылқошқыл дақтар тоқ ішек пен аш ішектің ауыратынын, орнанизмде минералды заттардың жетіспейтінін көрсетеді.

Құлақ сырғалығының жоққа тән немесе өте кішкентай болуы – ойлай білу қабілетінің төмендігін білдіреді.

Құлақ сырғалығының төртбұрышты болып келуі – физикалық орасан қара күшті, агрессияға тым бейімділікті танытады.

Сырғалықтың үлкен созылыңқы және сүйір болып келуі – ірі ойшылдықтың, еңбексүйгіштіктің, ішкі күштің мол екендігінің белгісі.

Сырғалықтың жастық сынды мамық әрі жуан болып келуі – семіздікке бейімділік пен ой белсенділігіңің төмендегенін білдіреді.

Құлақ сырғалығы рабайсыз үлкен әрі үйлесімсіз формада болса, ондай адам генетикалық жағынан онкологиялық ауруларға бейім болғаны.

Құлақ сырғалығының бүрмеленіп, қыртыстанып, қатпарланып тұруы атеросклероз, инсульт пен инфарктке ұшырау мүмкіндігінің, диабет ауруының белгісі.

«Қамшы» сілтейді

[:]