АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Кішкентай қыз ұрының бетінен бір қойып, анасын құтқарып қалды (видео)

[:kz]

 

Аргентина қаласы Буэнос-Айресте 11 жастағы қыз ұрыға скутерін тартып алуға жол бермеді. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Оқиға сәрсенбі күні кешкісін, сағат онда орын алған. Видеожазбадан скутерде отырған әйелге ер адамның жетіп келгенін көруге болады. Ол скутерді тартып алмақ болған. 

Осы кезде барлығын сырттан бақылап тұрған кішкентай қыз баспалдақтармен төменге түсіп, ұрының шапалағынан тартып жібереді. Сосын анасымен бірге ер адамды қуады. Қыз ұрыны ұстау үшін артынан қуа жөнелгісі келген, бірақ анасы жол бермеді. 

Анасы мен қызы қайтадан скутерге отырып, мекемеге оралады. Басылымның мәліметінше, ұры тұтқындалған жоқ. 

 Stan.kz 

 

[:]