АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Кілең миллионерлермен»: 40 жасқа толған Қабатовтың туған күні қалай өтті (фото)[:]

[:kz]

Белгілі әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының директоры Тұрсынбек Қабатов 40 жасқа толды. Өнер иесі Нұр-Сұлтан қаласындағы шаңырағында қазақ өнерінің дүлділдерін шақырып, мерейтойын атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
 

Отандық әртістер Қабатовтың үйіне футболдан Қазақстан мен Кипр арасындағы ойыннан кейін барды.

Туған күн кешінде Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Баекенов, Нұрлан Қоянбаев, Нұржан Керменбаев, Марат Оралғазин, Ерке Есмахан, Гүлназ Жоланова, Мәлік Хасенов сынды әнші-актерлар бой көрсетті.

Сондай-ақ, әзілкештің шаңырағына Қазақстан футбол федерациясы маркетинг және PR қызметі бөлімінің директоры Нағи Бақытбеков те келді.

Қазақ эстрадасының мақтанышы, «Музарт» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев «Әзіл әлемі» театрының директорына деген ақ тілектерін арнады.

«Тұрсынбек Қабатовтың туған күні. Мөлдір қарындасым екеуіңе тек бақыт тілейміз. Балапандарың аман болсын», -деді ол.

Белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев әріптесін туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін аямады.

«Қуанышты, бақытты күндер көп болсын. Әрдайым аспаның ашық болып, іс табысты, денсаулық мықты болсын! Барлық жақсылықты тілеймін, досым», — деді ол.

Әнші Нұржан Керменбаев та ақ тілегін жаудырып үлгерді.

«Тұрсынбектің 40 жасын тойлап, Мөлдір жеңешеміздің етін жеп кетуге келдік. Көп рақмет. Алла екі дүниеде де абырой берсін, Тоқа», — деді өнер иесі.

Ал Қазақстан футбол федерациясы маркетинг және PR қызметі бөлімінің директоры Нағи Бақытбеков Instagram желісіндегі парақшасында көңілді отырыстан фото жариялап, «Кілең миллионерлермен. Тұрсынбек пен Мөлдірдің шаңырағындағы 40 жаста», — деген жазба қалдырды.

«Әзіл әлемі» директорын жары Мөлдір де құттықтауды ұмытпады.

«Туған күніңмен арқасүйерім, азаматым, тірегім, жүрегім. Қалай жақсы көретінімді білсең ғой. 40 жас құтты болсын. 40+40 жыл бірге қол ұстасып мәңгі бірге қол ұстасып, мәңгі бірге болуды нәсіп етсін. Қартайғанша қасыңда болып, айтқаныңды бұлжытпай орындауға дайынмын», — деді ол.

 

[:]