АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Кілең клоундар»: көңілдестерінің арқасында шетелде демалатын жігіт сынның астында қалды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Мұндайларды байлап қойып, қамшымен сабау керек», «Елім үшін деп ерлеріміз өліп жатса, бұл масқарамызды шығарып, қарындастарының етегін ашып, хайп үшін масқарасын-ай» деп «саусақтарының ұшымен» бір сыбап алыпты.

«Қара пиардың» түр-түрін қолданып, миллиондаған лайк жинау үшін адам сенгісіз әрекеттерге барып, желіде жұлдыз болып жүргендердің қарасы қалың. Солардың қатарындағы атышулы «Қалаулым» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Ілияс есімді жігіт «Астарлы ақиқат» бағдарламасына келіп сұқбат берді. Ол желіде жартылай жалаңаш қыздармен бірге видео түсіріп, оларға уыстап ақша шашқан әрекеттерімен көптің жағасын ұстатып жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бағдарламаға екі оққағары және екі модель қызбен келген жігіт қасында шашбауын көтеріп жүретіндердің әрқайсысына кемінде 6 сағатқа 40-100 мың теңге аралығында ақша төлейтінін айтып берді.

Тележүргізушінің «Неліктен оққағармен келдің?» деген сұрағына: «Менің істеп жатқан дүниемді кейбір ер-азаматтар түсінбейді. Образ екендігін ұқпайды. Қазақтың менталитетін құртып жатсың деген хаттар өте көп келеді. Сол себепті, өзімнің қауіпсіздігім үшін осылай жүремін,» — деп жауап берді. 

Айтпақшы, жартылай жалаңаш қыздармен арзан пәтерде түрлі видеолар түсіріп, ерсі әрекеттер жасайтын Ілияспен бағдарламаға сарапшы ретінде келген Тахир Сұлтан сөзге келіп қалды, тіпті, жаға жыртысты.

Қымбат киімдерімен мақтанып қалған Ілияс сырт келбетін сәндеу үшін ақшаны қайдан алатыны жөнінде нақты ақпарат айтпады.

Айтпақшы, бағдарламаға қалталы қыз-келіншектермен төсектес болып жүрген ақтөбелік Бекзат Жанзақов деген жігіт те келді. Ол неліктен тек қалталы әйелдермен көңіл қосатынын айтып берді. 

«Бай-қуатты әйелдерді төсек қатынасында баурап аламын. Мен ашық айтамын, тек ақша үшін қарым-қатынастамын. Қазіргі қазақ жігіттері порожняк қой көбісі. Мен өзім қалағандай өмір сүремін. Ставка тігемін, ақша ұтып аламын. Көңілдестерімнің арқасында шетелде демалып қайтамын», — деп айтып қалған жігітті  және «Қалаулымның» бұрынғы қатысушысын желі қолданушылары жерден алып, жерге салды. 

Дина Төлепберген Instagram парақшасына бағдарламаның үзіндісін салғанда, видеоны көрген желі белсенділері әлгі екі жігітке «жылы лебіздерін» қарша боратты.

Мысалы, «Өңшең есуастарды жарнамалайсыз», «Қазақтын бетке ұстар азаматшасы деп жүр едім, әттеген-ай…», «Неге мұндай арсыз адамдарды шақырасыздар?», «Осындай надандарды көрсем, ақырзаман есіме түсіп, жүрегім қатты ауырады», «Ой, осы адам емес, бір хайуан ғой. Тахир жағынан бір ұрмадың ба? Жиіркенемін, адам деп айтқым келмейді. Мына қыздар жиіркенішті. Миы жоқ, санасыз. Тәрбие жоқ», «Кілең клоундар мен қиыққұлақ, албасты, мартулар жиналып қалыпты ғой», «Мұндайларды байлап қойып, қамшымен сабау керек», «Елім үшін деп ерлеріміз өліп жатса, бұл масқарамызды шығарып, қарындастарының етегін ашып, хайп үшін масқарасын-ай» деп «саусақтарының ұшымен» бір сыбап алыпты.

 

[:]