17 мая, 2019 Comments Off on Кезіндегі Советшілдік, Ресейшілдік ұстаным мұрты бұзылмай жалғасып отыр

Кезіндегі Советшілдік, Ресейшілдік ұстаным мұрты бұзылмай жалғасып отыр

Қанша жылдан бері айтудай-ақ айтып келе жатырмыз. Ал біздің Білім және ғылым министрлігін білім мен ғылымға өмірін арнамаған адамдар басқарып келгендіктен, бұндай саяси-идеологиялық мәселелер оларды аса қызықтыра қоймағаны да белгілі. Күні кеше өткен 9 мамыр күні қарсаңында өткізілілген шараларды қарап, қазақ және орыс мектептеріндегі білім мазмұны мен тәрбиенің біркелкі емес екендігін аңғаруға болады. Орыс мектептері мамыр айының басынан "Георгий лентасына" оранады

Соғыс кезіндегі киімдерді киеді. Биыл да солай болды. Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы орыс тіліндегі Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдар жаңаша редакциядан өткізіліп жазылуы керек. Себебі Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін Кеңес Одағының идеологиясымен жазылған, әлі күнге дейін сол саясаттан, Ресей мүддесі үшін жазылған сипаттан, Ресейшілдіктен арылмай отыр.

Жасырын емес Алматы қаласының жергілікті тұрғындарының басым бөлігі орыстілділер, олардың балалары да бүгінгі күні орыс мектептерінде білім алуда. Кезіндегі Советшілдік, Ресейшілдік ұстаным сондықтан мұрты бұзылмай жалғасып отыр.

 

Кенжеғараев Ноябрь

Фейсбуктегі парақшасынан




Загрузка...

Комментирование закрыто.