АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Кешкен ауыртпалықтарымды ешкімге тілемеймін»: Айнұр Ілиясова кезінде анасы екеуін әкесінің тастап кеткенін айтты[:]

[:kz]

Жақында тұңғыш рет «Бөпе» форумын ұйымдастырған актриса Айнұр Ілиясова өзінің әкесіз өскенін айтты. Балалық шағы қиын болған ол 26 жасында әкесін іздей басатаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» газетіне сілтеме жасап.

«Мен бұрын ажырасулар 90-жылдарда көп болды деп ойлайтынмын. Бірақ қазір де солай екен. Есімде біз анам екеуміз жаман жатақхананың бір бөлмесінде тұратынбыз. Жан-жағымызды алқаш ағалар бар еді. Жақын жерде базар боатын. Сол жерде жеміс-жидек сатуға анама көмектесетінмін», – дейді балалық шағын еске алған актриса.

Айнұр егер оларды әкесі тастап кетпегенінде жақсы пәтерде тұрып, әдемі көйлектер киетін едім дейді. Ауладағы балалар да оның намысына тимейтін еді. Ең бастысы әке махаббатын да сезініп өсетінін айтады. Бірақ бұл қиыншылықтарды актриса жеңе алыпты. Неше түрлі тренингтерге барып, курстардан өткен. Кейін Ауғанстаннан әкесін таба алған. Оны кешірген де. Қазір онымен жақсы туыстық қарым-қатынаста екен.

«Кешкен ауыртпалықтарымды ешкімге тілемеймін. Статистикада егер бала толыққанды отбасында өспесе, онда оның миында ол солай қалыптасады. Кейін сол жағдай өміріне де әсер ететінін көрсетілген. Сол себептен де форумда отбасындағы әкенің рөлі туралы айтылды», – дейді Айнұр Ілиясова.

Stan.kz 

[:]