30 марта, 2019 Comments Off on Кешіре алмайды екенмін…

Кешіре алмайды екенмін…

 Сіздермен бөлісейін деген сырым бар. Сыр деп айтуға келеме білмеймін. Бірақ əңгіме былай, осыдан 2-3 жыл бұрын бір жігітпен сөйлестім, қатты бауыр басып, сүйіп қалдым.  Екеуміздің көп уақытымыз бірге өтті, оның жанында болғанда өзімді бақытты сезінетін едім.

 

Оны құдайдан артық жақсы көрдім бе, білмеймін, бірақ екеуіміздің арамызға сызат түсті. Бір күні ойымда дым жоқ отыр едім, одан смс келді. Ол мені жақсы көрмейтінін, тек ойнап жүргенін жазыпты. Мен  өз көзіме өзім сенбедім. Осыдан біраз уакыт бұрын ғана мен оған  сезімімді білдіргенмін. Сонымен күндерім көңілсіз, түндерім ұйқысыз өтті. Енді ол жақында маған қайта хабарласып, кешірім сұрады.  Кешіргенімді айтқаныммен кешіре алмайтынымды түсіндім. Не істеймін, кеңес керек,қалай кешірем. Жүрегімде бір түйін тұрған сияқты.

alashainasy.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.