АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Керімбекованың қуанышында ән салған Гаухар Әлімбековаға жұрт риза болды (видео)[:]

[:kz]

Күні кеше ұлын үйлендірген Ақбота Керімбекованың қуанышында көптеген шоу-жұлдыздары бой көрсетті. Олардың арасында істі болып, жақында ғана бостандыққа шыққан Гаухар Әлімбекова да болды. Дүбірлі тойдың қонақтары сүйікті әншісін ерекше ықыласпен қарсы алған деп жазады NUR.KZ.

Гаухар Әлімбекова құрбысының отбасындағы қуаныштан шет қала алмаған. Эстрада жұлдызы жас жұбайларды құттықтау үшін арнайы келіп, өзінің хит әнін орындаған.

Желіде тараған бейнежазбадан Әлімбекова әнін орындауға шыққанда той қонақтары бірден оның қасына қарай ағылғанын байқауға болады.

Меймандар әншіні құшақтап, онымен суретке түсуге асыққан.

Көпшілік Гаухар Әлімбекованың орындауындағы әнге шыр айнала билеген.

 

[:]