АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Кемероводағы өрттен губернатор Аман Төлеевтің туысы да қайтыс болды[:]

[:kz]

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауда орталығының өртенуі кезінде қайтыс болған 11 жасар қыз Кемерово облысы губернаторы Аман Төлеевтің туысы болып шықты. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі хабарлады.

«Біз қазір ең алдымен адамдарға көмектесуіміз керек, қолдауымыз керек, олар мұны баршамыздың ортақ қайғымыз екенін білулері керек. Мен де қайғырып отырмын, өте жақын туысым қайтыс болды, кішкентай қыз», — деді Төлеев бүгін болған баспасөз мәжілісінде. Ол марқұмның өзіне қандай туыс екенін айтпады.

Айта кетейік, Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауда орталығының өртенуінен соңғы деректер бойынша 48 адам қаза тапқан. Олардың басым көпшілігі кішкентай балалар. Тағы 60 шақты адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Олардың да көбі 2 мен 13 жас аралығындағы балалар.

sn.kz/

 

[:]