12 апреля, 2019 Comments Off on Қазыбек Иса: Мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік қызметке алынбауы керек (видео)

Қазыбек Иса: Мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік қызметке алынбауы керек (видео)

Мемлекеттік тілді білмейтін адам мемлекеттік қызметті атқармауы керек! Бұл туралы бүгін елордада өткен «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты дөңгелек үстел барысында белгілі қоғам қайраткері, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса айтты, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

– Қазір сайлау өтейін деп жатыр. Сайлауға түсу үшін кандидатқа қойылатын басты талап – Мемлекеттік тілден емтихан тапсыру. Сонда Президент тапсыратын емтиханды мемлекеттік қызметке алынатын адамдар неге тапсырмайды? – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, Қазыбек Иса әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерде істейтін қызметкерлердің барлығы мемлекеттік тілді білуі шарт екенін атап өтті.

– Кеше 21 мың теңге жәрдемақы тағайындалды көпбалалы аналарға. Сол жәрдемақыға өтініш жазайын деп келген аналарға орыс тіліндегі бланкілерді береді, қызметкерлер қазақ тілінде қызмет көрсете алмайды, – деп ашығын айтқан ол, Мемлекеттік тілдің барлық жерде үстем болу керектігін жеткізді.

Қоғам қайраткері Қазыбек Исаның дөңгелек үстелде сөйлеген сөзін төмендегі видеодан тыңдай аласыздар.

     

«Қазақ үні»

Загрузка...

Комментирование закрыто.