АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қазір ол кісі үшінші әйелімен тұрып жатыр»: Марат Омаровтың қызы әкесіне деген көңілін жеткізді[:]

[:kz]

Отандық актриса, әнші Зульфия Омарова Stan.kz тілшісіне сұхбат беріп, желіні шулатқан «Не істеватр» реалити-шоуы мен танымал әкесі, композитор Марат Омаровпен қарым-қатынасы туралы сыр шертті. 

Отандық телетоптамалардың талайына түсіп үлгерген, өзін әнші ретінде танытып жүрген бойжеткен ата-анасы атышулы жобаға қатысарда тек қолдауын көрсеткенін айтады. Танымал отбасында дүниеге келудің өз жауапкершілігі мен қиындығы болады дейді ол. 

«Танымал адамның қызы болу көп жерде кедергі болды. Халықтан жағымсыз пікірлер болды. Баллым көп болса, әрине, ол Марат Омаровтың қызы, таныстарымен келген, бәрібір жеңеді деп неше түрліні айтты. «Өнер адамы болған соң байланысы мықты» деген сөздер көп болды. Өмірде де пәленшенің қызы, соның арқасында деген сөздер ұнамайды. Ешкімнің арқасы емес. Қандай жетістікке жетсем де, өзім жетіп жүрмін. Мүлде көмектеспейді деп айта алмаймын. Қаржы жағынан қолдап тұрады», — дейді Зульфия.

«Қазір ол кісі үшінші әйелімен тұрып жатыр. Кіші қызымен әлек болып жүрген де мазасын алмаймын. Мәселелерімді ешкімге айтпаймын, тіпті, анама айтпаймын. Намыс жібермейді. Өзім жасадым ба ауырпалғын өзім көтеремін. Соған үйреніп қалғанмын. Әкем үнемі «Зульфия мен саған сенем, қолыңнан келеді» деп үміт артып отырады», — деп бөлісті актриса.

Өнерпаз әке-шешесінің көмегімен жүрген балаларды аятынын жасырмады. 

зульфия омароваӘкеңіздің көп әйел алғанына қыз, әйел ретінде көзқарасыңыз қандай? Ренжімейсіз бе? 

Көзқарасым түзу. Бірқалыпты. 

Көп әйелділікке қарсы емессіз?

Жоқ, өйткені, тек өнер адамы емес, қарапайым ер адамдардың да басында бар нәрсе. Адам өмірге бір рет келген соң, оны бағалай білгеніміз дұрыс. Әркім өз өміріне жауапты. Мен бұл өмірді әке-шешем немесе балам үшін өмір сүргім келмейді. Әке-шешем мен үшін өмір сүріп жүргенін де қаламаймын. Өздеріне қалай ыңғайлы, солай өмір сүрсін. Мысалы, әкем қазір үшінші әйелі мен кіші қызымен өзінше бақытты. Мамам екініші күйеуімен бақытты. Ол жақта үш бауырым бар. Олар өзінше бақытты. Неге оларға мен үшін өмір сүріңдер деуім керекпін.

Бес жасымда ажырасып кеткен. Одан бері папаммен жақсы араласамын. Ол уайымдап жағдайымды сұрап тұрады. Жұмыс туралы көп сөйлесеміз. Оған да шүкір, менен де қиын жағдайда өмір сүріп, әке-шешесін көрмей жүргендер қаншама? Кіммен тұрады, қанша әйелі, қанша баласы болады папамның өзінің таңдауы. Өзі біледі. Басын көтеріп жауап бере ала ма, жасасын.

Мен олардың қызымын, өмір сыйлағанына рахмет деймін де жүре беремін. Әкемді түсінемін.

Олар да менің де өміріме қатты араласпайды. Мынаған күйеуге шық, анаған шықпа деген әңгіме болмайды. Осыдан бір жыл бұрын армениялық жігітті ұнатып, соған күйеуге тиейін деп қалғанмын. Ол — христиан. Екі жыл жүрдік. Бір жыл Арменияда болдым, қыз-жігіт ретінде жұп болдық. Мама да, папа да уайымдап, қызым алыс емес пе, басқа ұлт, басқа дін, қиналып қалмайсың ба, жат ел ғой деді. 

Олар сол кезде кеңестерін айтты, бірақ тыйым салған жоқ. Сол сияқты мен де оларды түсінемін, көп араласпаймын.

Әкемнің бірінші әйелінен Зарина, Мадина, Азамат деген үш баласы; екінші әйелінен — мен, үшінші әйелінен кіші қызы бар. Ол қызы — пысық, өте алғыр. Азамат — жақсы музыкант. 

Жақындарымен жақсы араласып тұрамын. Көрген жерде сәлемім түзу. Бірақ күнде көрісіп тұрамын деп айта алмаймын. Кәдімгі бауырлар сияқты емес. Тек іштей жақсы болғанын қалаймыз. Әкеміз де біз жаман болып жүрсек, уайымдайды. 

зульфия омароваКөп әйелден туған бауырлар бір-бірін көре алмайтын, қызғаншақ келеді. Сіздерде қалай? 

Менің де, әпке-сіңілілерімнің де еш кінәсі жоқ. Бұл біздің өмірімізге осы берілді ме көнуіміз керек. Бұл қателік — әке-шешемізден келген қателік. Ол үшін бір бірімізден кек алу керек емес. Әкемнің маған деген қарым-қатынасы өзіне байланысты. Маған байланысты емес.

Кезінде Заринаға менен қарағанда жақсы қарады, көтермеледі, менің қасымда көп болмаған соң талантымды көрмеді деп айта алмаймын. 

Әкеңізге кішкентайыңызда тастап кеткеніне ренжімейсіз бе ?

Кішкентай кезімде реніш болғанмен, қазір жоқ. Бірақ бала күнгі психологиялық соққылар бар. Анама рахмет. Ол кісі әкемді жамандап, оған айдап салған жоқ. Егер сол кезде маған керісінше тәрбие бергенде жүрген жерімде әкем туралы жаман айтып, қаралап, абыройын төгіп жүрер ме едім.

Stan.kz т

[:]