АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қазір баспен ұрып, мұрныңды қанатамын»: Сарыағашта ана мен мемлекеттік қызметкер төбелесіп қалды[:]

[:kz]

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында жұмыспен қамту орталығының қызметкері мен екі баланың анасы төбелесіп қалды. Артынша қос тарап та өз кінәсін мойындаудан бас тартып, полицияға бір-бірінің үстінен арыз түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

33 жастағы Жанат есімді келіншектің айтуынша, мемлекеттік қызметкер оған жөнсіз қол көтерген. 

«Мен оған заң шеңберінде жұмыс істеуі керектігін айтқым келді. Оған басқа азаматтардың құжатын 5-10 мың теңге алып өткізбеуі керек екенін айттым. Мен, тіпті, сол әйелдерді әкеліп, өтірігін әшкерелегім келді. Алайда олар ақшасыз қалып қалудан қорқып отыр», — деді тұрғын. 

Ал Жанаттың қарсыласы керісінше оған еш қол көтермегенін, тек өзін қорғауға тырысқанын айтады. 

«Мен оны ұрған жоқпын. Бар болғаны соққыдан қашуға тырыстым. Ол өзі маған кірікті. Оның маған қалай шабуыл жасағанын көрсететін видеом бар. Маған бірнәрселерді лақтырып, киімімді жыртты. Үстімді көгертіп тастады», — деп денесін көрсетті Ержан. 

Қалай болғанда да Ержан мен Жанат бір-бірінің үстінен арыз жазды. 

Сондай-ақ, видеодан әйелдің мемлекеттік қызметкерге «Қазір баспен ұрып, мұрныңды қанатамын. Еркек болсаң, шық бері» деп айтып жатқан сәтін көруге болады. 

Stan.kz 

[:]