АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақтың балалары ата-аналарымен тойда жүр, ал орыстар кітапханада.[:]

[:kz]

 

 

Балалар кітапханасына барамын жексенбі сайын. 8 жасар және 3 жасар сіңлілеріме кітап аламын. Сонда байқағаным, қаптаған орыс балалар. Ата-әжелерімен бірге де, бауырларымен де, достарымен де, өздері жалғыз да келіп, кітап таңдап алып жатады. Құртақандай болып алып, кітапқа деген сүйіспеншіліктері сұмдық. Бір-бірімен, кітапханашымен ақылдасып тұрып кітап таңдағанда бар ғой тура… қақылдап-тақылдап тұрады ғой. «Қазақ балалар бар ма екен?» деп жан-жағыма қарап-қарап қоямын. «Бүгін жексенбі ғой. Ата-аналарымен тойда жүрген шығар…» деп күрсініп қоямын және.

 

Марал Киокушинкай

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]