АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақтарға шабуыл жасаған ресейлік «жезөкше» қолға түсті[:]

[:kz]

Омбының облыстық соты азиялықтарға шабуыл жасаумен айналысқан бандиттердің ісі қаралу үстінде. Мәселенің мән-жайына келер болсақ, ММА-дың бұрынғы балуаны, кезінде әлеуетті құрылымдарда қызмет атқарған  Никита Федоненко аталмыш банданың лидері. Оның қасынан әркез техникалық университеттің үшінші курс студенті Александр Безбородов пен 17 жастағы Александр Ланбин табыла білген. Кейіннен қастарына 17 жастағы бойжеткен Регина Микуличеваны қосып алған. «Жезөкше» деген лақап атпен жұмыс жасаған осы Микуличева.

Бұл банда бір жыл бойы қараңғы көшелерді кезіп, өздеріне құрбан болар азиаттарды аңдыған. Бастысы ол адамның қасында серік болмауы тиіс. Қараңғы түнде жалғыз жүрген азиаттарды көргенде омбылық бандиттер қолдарындағы әр түрлі құрал-саймандармен (пышақ, газ баллончигі, мылтық, ұр тоқпақ) тап берген.

Күндердің бір күнінде банданың жолы болмай, Ландин деген бандит достары ауруханадан бірақ шығады. Сол кезде омбылық бандиттер басқаша жоспармен жұмыс жасауға көшеді. Ендігі басты рөл Микуличеваға тапсырылды. Қыз әлеуметтік желіде азиат жігіттермен танысып, оларды кездесуге шақырып отырған. Алайда оның орнына қарулы бандит достары кездесуге кететін.

 

Сондай кездесулердің бірінде Вага Залибекян есімді азамат көз жұмады. Кейінірек адам өлтіру фактісі бойынша банда іздеуге жарияланады. 2018 жылдың 14 мамырында аталмыш іс бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Дегенмен сот алдында жауап беретін бандиттер ол кезде не абақтыда, қаладанг кетпеу қолхатымен жүргендер болып шықты. Бостандықта Ланбин мен Микуличева болатын. Оқушы қызды ұрып-соғып, қансыраған күйінде қалдырып кеткен Александр Ланбин де көп ұзамай қолға түседі. Төрт айдан кейін яғни үстіміздегі жылдың қазанның 15-і күні Микуличева да құқық қорғау органдарының уысына түседі. Бүгін «жезөкше» Микуличева сот алдында барлық жасаған қылмысы үшін тік тұрып жауап береді. Омбының бандиттері қанша қара көздің обалына қалғанынан біз бейхабармыз. Бұл туралы нақты ақпарат ешқайда жоқ. Дегенмен омбылық оңбағандардың абақтыға қамалатындары көңіл жұбатады.

«Қамшы» сілтейді

[:]