6546410-r3l8t8d-600-20142806120052Қазақстандағы орыстар шу етеді: «көшелердің атауын өзгерткенмен өмір жақсара ма екен» деп шарт ете қалады. Оларға айтарым: ия, өмір жақсарады! Жақсарғанда қандай!

Мысалы, өткенде ғана Көкшетауда бірқатар көшелердің атауы өзгерді.

Ойлап қараңызшы, ДСУ-15 көшесінде қалай тұруға болады? «- Қай көшеде тұрасың? – ДСУ-15-те». Ұят екенін айтпағанда, бұл өзі ыңғайыссыз, жайсыз емес пе?

«Большой Бетономешалка» немесе «Совковый Лопата» деген көшеде сіз тұрғыңыз келе ме?

ДСУ-15 деген көшенің сүйкімсіз атауын халық жазушысы және ақын Хамит Ерғали көшесі етіп ауыстырыпты. Бұған қуануымыз керек!

Ал олар несіне жынданады?

Мысалы, Ресейдегі бір қаладағы қайдағы бір «Нефтебазовская» көшесін Есенин, немесе Высоцкий деп өзгертсе жаман ба? Әрине жақсы!

Одан өмір өзгере ме? Әрине өзгереді. Бәлкім, сол көшеден жаңа Есениндер, Высоцкий мен Хамит Ерғалиевтер шығатын шығар?

Айпақшы, «Нефтебазовская» деген көше қазақтың Көкшетауында да күні кешеге дейін болған екен.

Енді ол көше қазақтың біртуар актері мен режиссері Кәукен Кенжетаевтың есімімен аталады.

25-жылдығын тойлап отырған Тәуелсіз елміз, бірақ «Кирпичная», «Литейная», «Советская», «Пионерская» және «Ленина» деген көшелер бізде әлі де көп. Неге?

1454069539_21

 

Серік Мәлей

 

Рубрика: