АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандықтардың еңбек кітапшалары электронды форматқа ауысты[:]

[:kz]

Қазақстандықтардың тағы бір құжаты электронды форматқа ауысты — енді еңбек өтілі туралы ақпаратты «электронды үкімет» сайты арқылы алуға болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

 

Басылымның хабарлауынша, азаматтардың eGov.kz сайтындағы жеке аккаунттарында жаңа бөлім — «еңбек қызметі» пайда болды.

Қазақстандықтар өздері жасаған еңбек шарттарын онлайн режимде порталдағы жеке кабинетінде көре алады.

Портал еңбек қызметі туралы қажетті ақпаратты «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру»автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алады. Өз кезегінде бұл жүйе еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен деректер алады.

Еңбек қызметі туралы мәліметтерді алудың жалғыз шарты — тіркеу, яғни «электрондық үкімет» сайтында жеке кабинеттің болуы болып табылады.

 

[:]