30 сентября, 2019 Comments Off on “Қазақстандық шенеунікті тінту”: Іші ақшаға толы ондаған сөмке мен қорап түсірілген видео тарады (видео)

“Қазақстандық шенеунікті тінту”: Іші ақшаға толы ондаған сөмке мен қорап түсірілген видео тарады (видео)

Желіде ішінде ақша толы ондаған сөмке мен қорап түсіріліген видео тарады. Кадрларға қарағанда, видео бақуатты адамның үйінде түсірілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде тараған мәлімет бойынша, аталған видео қазақстандық шенеуніктердің бірін тінту кезінде түсіріліпті. Видеодағы көрініс желі қолданушыларын таңғалдырды. Себебі кадрлардан іші ақшаға толы ондаған сөмке мен қорап көрінеді. 

Мұншама ақшаны көріп таңданған желі қолданушылары аталған видео Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйінде түсірілген болуы мүмкін деп топшылады. Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желідеАлматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Артынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ақпаратты растады.

Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен аталған видеоға қатысты пікір білдіруін сұрады.

Загрузка...

Комментирование закрыто.