29 ноября, 2019 Comments Off on Қазақстандық медиамагнаттың ұлы еркекпен шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Қазақстандық медиамагнаттың ұлы еркекпен шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Той кезінде түсірілген видео «жас жұбайлардың» әлеуметтік желідегі аккаунттарында тараған.

Қазақстандық медиамагнат Мирболат Кунбаевтың ұлы Айдар Кунбаев Рафаэль Кастро де Мескита есімді еркекпен үйлену тойын өткізді, деп жазады knews.kq. 

Той кезінде түсірілген видео «жас жұбайлардың» әлеуметтік желідегі аккаунттарында тараған. Бейнежазбада байқалғандай, үйлену тойының салтанатты рәсіміне ыждағатпен дайындалғандары байқалады. 

Той Лондондағы қонақүй ресторандарының бірінде өткен. 

Тойға жиналған адамның да қарасы әжептеуір, ішінде шаңырақ көтерген еркектердің бірінің ата-анасы Мирболат Кунбаев пен оның әйелі де бар.

Салтанатты дастарханға екі жастың бейнесі салынған тәтті торт қойылып, оркестр музыкамен әрлеген. Сондай-ақ, жас жұбайлардың алғашқы биі де орындалған. 

Айта кету керек, Мирболат Кунбаев – қазақстандық танымал журналист әрі медиаменеджер. Ал оның «күйеубаласы» Рафаэль Кастро де Мескита Лондондағы сұлулық салондарының бірінде стилист болып жұмыс істейтін көрінеді.

Дереккөз: Ernur.kz

Загрузка...

Комментирование закрыто.