АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық гимнастшы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды[:]

[:kz]

Көркем гимнастикадан жекелей сында өнер көрсеткен Алина Əділханова ел қоржынына сегізінші алтын медальді салды

Жекелей сында жалпы есебі 66.800 ұпай жинаған  Алина Əділханова  өздерінің бас қарсыластары Өзбекстан мен Қытай елінің спортшы қыздарын басып озып, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Өзбекстан алса, қола жүлде Қытайға бұйырды.

Еске сала кетейік, Алина Əділханова топтық жаттығуда да чемпион атанған болатын.

Күні кеше  ғана Алина өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан  топ жарып, алтынды қанжығасына байлаған еді.

kyn.kz

[:]