Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Али Ахмедов кезекті жекпе-жегіне қол жеткізді. Ол қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Калифорния штаты, Монтабеллода өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық Пол Валенсуэламен жұдырықтасты. 

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Алайда 1 раунда Ахмедов бірнеше жойқын соққы жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Бұл Али Ахмедовтың кәсіби бокстағы 18 жеңісі болды. Оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. 

Айта кетейік, Ливерпульде желтоқсанның 11-нен 12-не қараған түні Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тэйлормен кездесу өткізеді. 

Рубрика: