АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда жемқор қызметкерлерді өлім жазасына кесу ұсынылды[:]

[:kz]

Қазақстанда парақор қызметкерлерді өлім жазасына кесу ұсынылды. Мұндай бастаманы қоғам белсенділері көтеріп отыр. Жаңа заңды талқылау барысында белсенділер осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Мемлекет қазынасына қол сұққан адамадарды Қытайдағыдай өлім жазасына кесу керек. Қытайда халық саны бір жарым миллиард болса да, ешкім ол жақта ақша ұрламайды. Жемқорлардың барлығын атудың қажеті жоқ, тек үш адамды көрсетіп атса жеткілікті. Сонда басқалары бюджетке көз алартуды қояды. Мен халықтың атынан шығып отырмын. Мұны мен емес, халық айтып отыр. Біз бәрі бірдей бай болғанын қалаймыз. Бірақ ол үшін мемлекеттің ақшасына ұрлаудың қажеті жоқ, әрине», — деді тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестік төрайымы Надежда Мубракшина.

Қоғам белсенділерінің бастамасы қанағаттандырылмады, өйткені қазіргі күні елде өлім жазасына мораторий жарияланған. Дегенмен белсенділер парақорларды қатаң жазалау керек деген беттерінен қайтар емес. Бұған қоса мемлекеттік қызметкерлер сыйлық алмаулары тиіс дейді олар. Жемқорлыққа қатысы бар деп танылып, сотталған азаматтар мерзімінен бұрын босап шыға алмайды.

«Шынымен де халық жемқорларға тағайындалатын жазаға түсінбеушілікпен қарайды. Қазір біз қоғамның пікірін ескере отырып, аталған бағытта жұмыс істеудеміз», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет басшысын бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

 

 

[:]